ТМҰ елдерінің ішкі өнімі әлемдік экономиканың шамамен 2,3% құрайды

463

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше және бақылаушы мемлекеттердің – Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Мажарстан мен Түрікменстанның Қазақстандағы елшілерімен кездесті. 

ТМҰ елдерінің ішкі өнімі әлемдік экономиканың шамамен 2,3% құрайды Фото: ortcom.kz

Тараптар 2022 жылғы 11 қарашада Самарқанд қаласында өткен 9-шы Саммиттің қорытындысы бойынша ТМҰ мемлекет басшыларының берген тапсырмаларының орындалу барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында ТМҰ 10-шы мерейтойлық саммитін өткізудің ықтимал мерзімдерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесуге қатысушылар қазіргі уақытта ТМҰ елдерінің жиынтық нарығы шамамен 160 млн адамды құрайтынын, ал қатысушы мемлекеттердің ортақ жалпы ішкі өнімі 1,3 трлн АҚШ доллардан астам бағаланатынын атап өтті, бұл әлемдік экономиканың шамамен 2,3% құрайды", - делінген хабарламада.

Осы тұрғыда Ұйым шеңберіндегі өзара сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективалары қарастырылды. Тараптар одан әрі ынтымақтастықтың қуатты драйвері бола алатын көлік-транзит саласының ерекше маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу