Тоғжанов: 16 ірі кәсіпорын ауаны ластаушы заттарды азайтады

926

Қоғам жиі назар аударатын мәселелердің бірі – экология. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы туралы үкіметтің жоспары қандай екенін айтты.

Тоғжанов: 16 ірі кәсіпорын ауаны ластаушы заттарды азайтады

Бүгінгі таңда бұл бағытта экоактивистермен бірлесіп 485 іс-шараны қамтитын 17 жол картасы іске асырылып жатыр екен. 

"Оның ішінде "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында 16 ірі өнеркәсіптік объект эмиссияларды 20-дан 30%-ға дейін төмендету бойынша міндеттемелер қабылдады", – деді Тоғжанов бүгін Мәжілістің жалпы отырысында. 

Сонымен қатар бүгінде 204 қала мен ауданның 134-інде қалдықтарды бөлек жинау (65%-ды), ал 96 елді мекенде сұрыптау енгізілген.

"Жалпы қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 21%-ға жетті (2020 ж. – 18,3 %). Алдағы уақытта оларды кәдеге жарату үлесін 34%-ға дейін, ал өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату үлесін 46%-ға дейін арттыру міндеті тұр", – дейді Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу