Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті таратты

310

Президент қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаны мәлімденді.

Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті таратты  Фото: sk.kz

Президент қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаны мәлімденді.

Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселесіне қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында 6-1-бап ("Қорды басқару жөніндегі кеңес") алынып тасталсын", - делінген құжатта.  

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңес консультативтік-кеңесші орган екенін, оның міндеттеріне қордың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретіндігі атап өтілді.

Еске сала кетейік, қорды Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаттары 20 қыркүйекте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің күшін жоятын түзетуді қолдап дауыс берді. Депутат Берік Бейсенғалиев түсіндіргендей, қорды басқару жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің функцияларын қайталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу