Түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 50 пайыздан төмен 68 ЖОО тіркелді

1670

92 мамандық бойынша жұмысқа орналастырудың орташа пайызы 67,4%, ал ең төменгі деңгей "Кеден ісі" мамандығы бойынша - 41% тіркелген. 

 Түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 50 пайыздан төмен 68 ЖОО тіркелді

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен ҚР білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары рейтингісінің үшінші кезеңінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Үшінші кезеңде 535 білім беру бағдарламасына баға беріліп, 1632 сарапшыдан 198 қорытынды алынды. Осы жылы, рейтингте ЖОО ұсынған материалдар бойынша 92 мамандық қамтылды, 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасы бағаланды, ҚР-ның барлық өңірлерінен 700-ден астам сарапшы тартылды. Нәтижесінде 109 жоғары оқу орны бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды алынды. Байланыс-орталығы арқылы 2016-2017 жылы оқу орнын аяқтаған 8800 түлек телефон арқылы сауалнамаға қатысты", - деді "Атамекен" басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Айта кетсек, рейтинг жұмысқа орналастырылған түлектердің пайыздық көрсеткіші және олардың орташа еңбекақысы, бағдарламалардың өзектілігін бағалау, сондай-ақ оқу орнын аяқтағандар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері мен жұмысқа орналасуы туралы деректер критерийлері бойынша жүргізілді.

Өткізілген рейтинг барысында түлектердің 35,4%-ы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған, 430 оқу бағдарламасы аккредитациядан өтпеген, шетелдік аккредитациядан өткен тек 31 оқу орны ғана бар.

Спикердің айтуынша, түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 50%-дан төмен 68 ЖОО тіркелген. 92 мамандық бойынша жұмысқа орналастырудың орташа пайызы 67,4%, ал ең төменгі деңгей "Кеден ісі" мамандығы бойынша - 41% тіркелген. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі көптеген студенттерде мамандық пен педагогты таңдауда Болон жүйесі талаптарына сәйкес мүмкіндіктің болмағанын көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу