"Көпбалалы отбасыларды тұрғын-үймен қамту" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын-үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар жаңа жылда қоныс тойын тойлағалы отыр. Аталмыш бағдарлама бойынша аталған отбасылар жалпы құны 8 млн 400 мың теңгені құрайтын, аумағы 60-100 шаршы метр аралығындағы дайын үймен қамтамасыз етілді.
Үй кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен арнайы қатысып, отбасыларды жаңа баспаналарымен құттықтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу