Түлкібас ауданында алма жемісін өсіруге қызығушылық танытқан шаруалар қатары жыл санап артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтемемен.
Мысалы "Нұрсәуле" ЖШС алманың "Гала", "Голден Делишес", "Старкримсон" сынды сұрыптарын отырғызуда. Жалпы аумағы – 50 гектар. Сонымен қатар, шаруашылық 4 гектар жер алқабына ерте пісетін шие көшеттерін егуде. Қазіргі таңда жерді өңдеп, көшет отырғызу жұмыстарына 60-қа жуық жергілікті тұрғын тартылып отыр.
Қожалық төрағасы Ештаев Нүридиннің айтуынша, аталған жұмыстар өз қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, алма баудан мол өнім алу мақсатында тамшылатып суару әдісімен израильдік технология енгізілмек. Бұл технологияның ерекшелігі – суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін 2-3 есеге арттырады.