Тунис Қазақстанда зәйтүн өндірісіне қолғабыс болмақ

473

Тунис Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Монем Белати біздің министрлікпен кездесті.

Тунис Қазақстанда зәйтүн өндірісіне қолғабыс болмақ Фото: ОптЛист

Монем Белати кездесу барысында зәйтүн ағашын өсіру, одан зәйтүн майын алу үшін техникалық көмек беріп, тәжерибелерімен бөлісетіндерін айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Тунис — Африканың солтүстігінде орналасқан арграрлық-индустриалдық ел. Экономиканың негізі — ауыл шаруашылығы. Соның ішінде, зәйтүн майы өндірісі жетекші орын алады. Зәйтүн мен зәйтүн майын экспорттау бойынша Тунис әлемде төртінші орында. Елде 50 миллионнан астам зәйтүн ағаштары бар. Аталмыш ел күллі әлемдегі зәйтүн майы өндірісінің 10%-на дейін қамтамасыз етеді. Яғни Қазақстанның бұл елден үйренері бар, кездесуде Тунис Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Монем Белатидің өзі осы салада көмек беруге ұсыныс білдірген.

"Тунис тарапы кездесу барысында зәйтүн ағашын өсіру, одан зәйтүн майын алу үшін техникалық көмек беріп, тәжерибелерімен бөлісетіндерін айтты. Ал біз халықаралық ұйым ретінде ғылыми тұрғыдан көмек беретін боламыз", — деді "Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS)" бас директоры Ерлан Байдаулет.

Әзірге екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас жоқ. Тікелей экономикалық байланыс болмағандықтан, тауар айналымы да ауыз толтырып айтарлықтай емес — $1,5 млн көлемінде. Қазақстан дәстүрлі түрде дәнді дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорты бойынша жетекші орында, сондықтан Туниске экспортталатын негізгі тауар — қазақстандық бидай. Биыл ел нарығына оның 72,7 мың тоннасы жеткізілді. 

Тунистен импортталатын өнімдерге келетін болсақ, бүгінгі күні біздің елге негізінен құрма мен балық өнімдері, жеміс-жидектер жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу