Тұрғын үйді "сатылап" алу жолы мәлім болды

1340

Баспана алудағы анықтаушы фактор – халықтың табысы.  

Тұрғын үйді "сатылап" алу жолы мәлім болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов "Тұрғын үйге қолжетімділіктің сатысы" арқылы тұрғын үй алу жолдарын айтты.

Мархабат Жайымбетовтың түсіндіруінше, отбасының бір адамға шаққандағы табысы бір күнкөріс деңгейінен (31,2 мың теңге) төмен  кезекте тұрған азаматтар сатып алуға болмайтын, яғни тек жалға берілетін тұрғын үй алуға үміттене алады. Бұл топқа жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және т.б. кіреді.

Ал "Бақытты отбасы" бағдарламасы табысы 2 күнкөріс минимумына (62,4 мың теңге) дейінгі кезекте тұрғандарға қолжетімді. Мысалы, көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар осы бағдарламаны пайдалана алады.

3,1 күнкөріс минимумына дейін (96,7 мың теңге) табысы бар кезекте тұрғандар үшін "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлері өткізіледі. Бұл бағдарлама әскерилер, бюджет және мемлекеттік қызметкерлеріне қол жетімді. 3,1 күнкөріс минимумынан асатын табысы бар азаматтар үшін "7-20-25" бағдарламасы қарастырылған.

Табысы 5 күнкөріс деңгейінен (156 мың теңге) жоғары адамдар Қазақстанның орнықтылық қорының "Баспана-хит", Қазақстан ипотекалық компаниясының "Орда", Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Өз үйі" тәрізді бағдарламалар арқылы бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуына болады.

"Биылғы жылы 15 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй мен 150 мың пәтер салу міндеті тұр. Мемлекеттік инвестиция шеңберінде 1,3 млн шаршы метр немесе 23 мың пәтер салынады", –  деді комитет төрағасы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу