Тұрғындар тоқ көзіне теңгемен емес, соммен төлейді

412

Қырғызға қараған күн.

Тұрғындар тоқ көзіне теңгемен емес, соммен төлейді

Жамбыл облысында бүтін бір ауыл тоқ көзін теңгемен емес, соммен өтеп жүр. Өйткені жұрт жарығы кеңестік кезден көрші елдің теміржол желісіне жалғанып, қалып кеткен. Көпшілік егемендік алғалы қуат көзіне екі есе шығынданып келеді. Ал ең сорақысы  тұрғындар есеп айырысу үшін шекара асып, шақырымдар жүруге мәжбүр.

Шам жағып, бала оқытқан бұл Зауырбековтер шаңырағы. Жарықтың жиі сөнуінен шағын әулет күнде осылай амалдайды. Тіпті тұрғындар кейде тоқсыз тіршілікке ет үйренді деп күйінеді. Бұған бар себеп - көрші елден келетін жарық қуатының тым аздығы екен.

"1 ақ шам жанып тұрады, мысалы. Нан пісіру ондай жоқ. Пісіретін болсақ, қонақ күтетін болсақ, түнде 12-1-де, қашан елдер ұйықтайды, жарық өшеді кішкене, сол кезде ғана қосылады. Ал былай жоқ", - дейді Тасшолақ ауылының тұрғыны Жандос Зауырбеков.

Тасшолақ ауылындағы жарық кеңестік кезден көрші Қырғыздың теміржол желісіне жалғанып, солай қалып кеткен.Салдарынан әр түтін тоқтың 1 клВаттына бақандай 30 тг төлейді. Бұл өзге ауылмен салыстырғанда 2 есе көп.  Жұрт 2-3 шақырым әріде жатқан өзге ауыл  трансформаторына жарықты жалғай алмай жатқан жергілікті билікке аң-таң.

"Әкімге де, бәріне де  бардық. Облыс әкіміне де шықтық. Шетке қалдырып жатыр", - дейді Тасшолақ ауылының тұрғыны Жаныкүл Әбірова.

20-ға жуық үй қазір төлем түбіртегін өздері есептеп, шетке есеп береді. Кейде бар ақшаны жиып, шекара асып төлеуге мәжбүр. Оның өзінде өтем тг-мен емес, соммен жасалады. Ал ең қиыны қараша қазір мүлдем тұрмыстық техника қолданудан қалған. Өйткені қит етсе, күйетін болыпты. Қуат қадағалайтын қондырғының да қажеті болмай қалды деп қапа. 

"Бәріміздің бас-басымызда, үйімізде электро техника бар.  Бірақ қолдана алмаймыз оны. Мысалы менің жақын арада пылососым күйіп кетті. Бір-бірімізбен көршілер группада ұрысып шығамыз. Сен не қостың, сен не қостың?! Сен өшір! Мен өшір! -деп" - дейді Тасшолақ ауылының тұрғыны Салтанат Жаманбаева.

Талай жыл тұралаған мәселені реттеуге өткен маусым айында мемлекеттік тапсырыс жарияланған. Әкімдік жарықты көрші елден өзімізге жалғаймыз деп уәде беріпті. Бірақ содан бері 3 ай өтті дейді жұрт.  Шу шыққан жерге келген жауаптылардан болса, биылдан қалмай мәселе реттеледі деп ағынан жарылды.

"6 млн 400 мың теңге бөлініп, осы теміржолшы көшесіне өзіміздің трансформаторлар мен электр желілерін таратуға конкурс ойнатуға әзірлеп жатырмыз + Осы Қазақстанның электр желісін өзімізден алатын болады құдай бұйыртса осы жылдың аяғына дейін", - дейді Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Исатай Омаров.

Облыстық энергетика басқармасы мердігер анықталса, ауыл ішіне тоқ бағаналары орнатылады деп отыр. Кейін ауылдағы абоненттер "Жамбыл-жарық сауда" мекемесінің теңгеріміне өтпек. Айтпа кетейік, қазір облыста 5 елдімекен көрші қырғыз елінен әлі күнге дейін электр алып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу