Түркістан халқы бір жылда 30 мың адаммен толықты

657

Биыл облыс орталығында 700 мың шаршы метр баспана беріледі.

Түркістан халқы бір жылда 30 мың адаммен толықты

Түркістан облысының орталығында баспана бағасы күрт өсіп барады. Мұны өңірдің әкімі Өмірзақ Шөкеев те мойындап отыр. 

"Шынында Түркістан қаласы облыс орталығы болғаннан кейін баспана бағасы көтеріліп жатыр. Ол заңды да деп ойлаймын. Былтыр 400 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылса, биыл 700 мыңға өсіп жатыр. Оған біз әрекет жасап жатырмыз. Ал енді баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Үкіметтің бағдарламаларын пайдаланып жатырмыз. Ипотекалық несие механизмдерін пайдаланып, биылдың өзінде 27 үй қолданысқа береміз. Көбінесе тізімде тұрған көпбалалы отбасылар, бюджеттік салада істейтін, Түркістанға көшіп келген азаматтар белгілі бір пропорциямен пәтер алады. Енді Түркістанда шаршы метрдің қымбаттауы – заңдылық деп ойлаймын. Бір жылдың ішінде халық саны 30 мыңға көбейеді. Біз инвесторларды тартуымыз керек. Қазірдің өзінде көптеген үй салатын жеке меншік компаниялар қызығушылық танытып отыр", – деді облыстың әкімі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу