Түркістан облысы уран өндірісінен түсетін салықтың 97%-ын республикалық бюджетке төлейді

167

Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек мәлім етті.

Түркістан облысы уран өндірісінен түсетін салықтың 97%-ын республикалық бюджетке төлейді Фото: ult.kz

Түркістан облысы құрылғалы бері жергілікті бюджет кірісі 3,4 есе (2018 жылы – 54,3 млрд теңге, 2023 жылы – 185,6 млрд теңге) артты. Дегенмен, бюджеттің 90 пайызға жуығы – республикалық бюджеттің трансферттері мен субвенциялары, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек мәлім етті.

Оның сөзінше, Түркістан облысы құрылғанда негізгі өндіріс орындары Шымкент аумағында қалды. Облыста уран өндірісінен басқа ірі өндіріс орындары жоқ және уран өндірісінен түсетін салықтың басым бөлігі (97%) республикалық бюджетке түседі. Екіншіден, халықтың 80%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы және сауда. Аталған салада табыс деңгейі басқа саламен салыстырғанда анағұрлым төмен және маусымаралық сипатқа ие. Үшіншіден, облыста демографиялық өсім жоғары. Республикадағы көпбалалы отбасылардың төрттен бірі осында тұрады. Аталған фактор жан басына шаққандағы жиынтық табыстың төмендеуіне және көпбалалы отбасылардың әлеуметтік көмекке жүгінуіне себеп болып отыр.

Жалпы биылғы 10 айда Түркістан облысының мемлекеттік бюджетіне 648 млрд теңге төленген, оның 449,3 млрд теңгесі немесе 69,3 пайызы республикалық бюджетке түскен.

Облыста 208 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъекті бар, оның 37 пайызы — шаруа қожалықтары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу