Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

968

Бұдан бөлек сотталушыға химиялық кастрация жасалады.

Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды Фото: freepik

Шымкент қаласының тергеу изоляторында Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Сот үкіміне сәйкес ер адам кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сотталушыға химиялық кастрация да жасалатын болды. Тағайындалған жазадан бөлек қылмыскер жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 100 млн теңге төлеуі тиіс.

Айта кету керек, осыған дейін Түркістан облысында 5 жасар қыздың өлімі бойынша сот процесі басталғанын жазған болатынбыз.

Жантүршігерлік оқиға осы жылдың шілде айында болды. Сарыағашта жоғалған 5 жасар қыздың денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу