Түркістан облысында қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды, деп хабарлайды ІІМ өкілдері.
Сарбазды ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы ұстаған.
"1995 жылы туған әскери қызметші Абылай Балғынбай бүгін әскери бөлімнен өз еркімен кетіп, атыс қаруын ұрлаған, ол ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ІІМ өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу