Кеше, 15 маусымда Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылындағы 22 оқушы мен 3 ересек адам (автор: алдын ала болжам бойынша тәрбиешілер) Төлеби ауданына демалуға барған. Біркөлік тау шатқалына демалушылардың 10-ы (9 оқушы және 1 тәрбиеші) шыққан. 7-еуі төменге ешбір оқыс оқиғасыз түскен. Ал үшеуі тау бөктерінде қалып қойған.
Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерік Сабырбаевтың мәліметінше, кеше түнгі сағат 22.48-де 112 қызметіне тауда адасқандар туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына сағат 23.00-де жеткен құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісіпті. Оған 23 құтқарушы мен 5 техника жұмылдырылған.
16 маусым сағат 01.00-лер шамасында арнайы топ 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тапты. Ол таудан құлап кеткен.
Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы құтқарушылар тауда адасып қалған екі оқушының қай амақта жүргеніне таңғы уақытта анықтаған. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарын жүргізуде. Олардың бірі альпинистер мен арнайы құтқарушылардың көмегімен төменге түсірілді.
Бұл жағдай бойынша әзірге облыстық Полиция департаменті ресми мәлімет берген жоқ.
Жансая Тәуекелқызы
Фото: sport-marafon.ru