2019 жылғы IІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 191 129 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес тоқсанында 118,1%, ал нақты жалақы индексі 112,0% құрады, деп хабарлады ҰЭМ статистика комитетінің баспасөз қызметі.
"Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 484,6 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,5 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 418,0 мың теңге (2,2 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 334,1 мың теңге (1,7 есеге асты), құрылыс саласында – 257,7 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді",– делінген комитет келтірген мәліметте.
Ең төменгі атаулы жалақы білім қызметкерлерінде болды – 122,1 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 36,1 %-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында – 361,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 122,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,8%-ға төмен.