Түркістан облысында жылдам кеспе өндіретін зауыт ашылды

1707

Шығарылатын өнім көлемі жылына 4,5 мың тоннадан асады. 

Түркістан облысында жылдам кеспе өндіретін зауыт ашылды Фото: primeminister.kz

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында жылдам әзірленетін тамақ өнімдерін өндіретін зауыт ашылды.

Әлемдегі аса ірі жылдам әзірленетін кеспе өндіруші – "CG Foods Central Asia" компаниясы жобаға 5,7 млрд теңге инвестиция салды және 300-ге жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Шығарылатын өнім көлемі жылына 4,5 мың тоннадан асады. Өндіріс процесінде тек отандық шикізат пайдаланылады. Өнімді ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарықтарға да жеткізу жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу