Түркістан облысының тұрғыны 15 баланы зорлаған ба? – Полиция пікір білдірді

412

Тәртіп сақшылары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. 

Түркістан облысының тұрғыны 15 баланы зорлаған ба? – Полиция пікір білдірді Фото: Arasha.kz

Бүгінгі таңда тек 3 азаматтан арыз түскен. Түркістан облысындағы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Адвокат Айман Умарова өзінің Фейсбук парақшасында Түркістан облысында бір адамнан зорлық көрген балалар саны көп болуы мүмкін екенін хабарлады.

"Бізге зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жетті деген ақпарат келді. Олар 5-10 жастағы балалар. Бас прокуратурадан жағдайды бақылауға алып, зорлық-зомбылықтың мән-жайы мен құрбандарын анықтау үшін қызметкерлерін жіберуді сұраймыз", - деп жазды 

Айтуынша, "One-Stop-Service" жобасына Түркістан облысының тұрғындарынан әр түрлі отбасынан шыққан 7 қыз бала ер адам тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат келген.

"Ақпаратқа сәйкес, олардың барлығы жақын маңда тұрған", - деді адвокат.

Бұл ақпаратқа қатысты Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеме жасады.

"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында орын алған ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жеткені туралы шындыққа жанаспайтын жарияланым бойынша түсіндіргім келіп отыр. Түркістан облысының Полиция департаментіне биылғы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған. Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз,  15 жәбірленуші деген жоқ. Басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырып жатырмыз", - деді департамент басшысы.

Облыстық полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілік көзделгенін еске салсады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу