Олар: 5 мың адамға арналған мешіт, Тұңғыш Президент саябағы, "Керуен Сарай" шығыс базары, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақ, Бизнес орталық, Ғылыми-әмбебап кітапхана, Дендросаябақ, "Аманат" және "Керуен Сарай" тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Қ.А.Яссауи кесенесінің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Түркістан қаласында 2020 жылы 15 жаңа құрылыс нысаны салынған болатын. Оның ішінде: Әуежай, Басқармалар үйі, Конгрес холл, Орталық стадион, Оқушылар сарайы, Аттракционды саябақ, Жабық бассейні бар спорт кешені, "Rixos" қонақ үйі, Қ.А.Яссауи мұражайы, "Ұлы Дала" орталығы, Туризм университеті, "Hampton by hilton" қонақ үйі, Этноауыл, Арбат кешендерінің құрылыс жұмыстары аяқталған.
"Түркістан облысы бойынша 2020 жылы басқармамен 47 эскиздік жобалары жасалды. Атап айтқанда, Дендро және атракцион саябақтарын байланыстыратын көпір, Есу каналы, 20 қабатты ғимараттар, "АСА таяқ" монументі, Корей қалашықтары. Түркістан қаласының қоныстану аумағы 2035 жылға қарай 12 074 гектарға дейін ұлғаятын болады. Оның ішінде тұрғын үй аумақтары - 6800 гектарға, қоғамдық құрылыстар - 1165 гектарға. Тиісінше 2035 жылға қарай облыс орталығындағы халық саны 500 мыңға жуықтауы мүмкін", – деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, басқарма 2020 жылы "Ғибадат үйлерін (имараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" бойынша 3 елдімекенге мешіт құрылысын салуға рұқсат берген. Сондай-ақ, былтыр облыс бойынша 128 заңсыз құрылыс нысандары анықталып, мемлекеттік құзырлы мекемелер тарапынан 29 заңсыз құрылыс нысандары бойынша тиісті шаралар қабылданған.