Түркістандық балалармен толыққан Қостанайдағы мектеп жабылудан аман қалды

862

"Түркістан - Қызылжар - Қостанай – Көкшетау" ақпараттық турында жүрген түркістандық БАҚ өкілдерінің сапары Қостанай облысы, Сарыкөл ауданында жалғасын тапты. 

Түркістандық балалармен толыққан Қостанайдағы  мектеп жабылудан аман қалды

Тәгіл ауылдық округы, Соналы ауылына ат басын тіреген делегация ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, Соналы орта мектебіне барды, деп хабарланды өңірлік коммуникация қызметінен.

Бұл мектепте Түркістан облысы, Жетісай ауданынан былтыр көшіп келген Ақшолпан Зұлпыхарова орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 4 баланың анасы Ақшолпан өзінің батылдық танытып көшіп келгеніне өкінбейтінін жеткізді. Жұмысшы болып істейтін жолдасының айлығы да жеткілікті.

Сондай-ақ, аталған мектепте медбике болып жұмыс атқаратын Тұрсынай Сафарова да Жетісай ауданынан көшіп келген. 

Айта кетерлігі, Соналы мектебінде 41 оқушы болса, соның ішінде 19 оқушы оңтүстік өңірден көшіп келген отбасылардың балалары. Күнгейден көптеп келген оқушылардың арқасында жабылуға шақ қалған мектеп қазір толыққанды жұмыс істеуде.

Бұл өңірге қоныстанған күнгейліктердің өмірімен танысуға келген журналистер қауымы бірнеше аудандарды аралайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу