Түркістанға ерекше мәртебе беру: Консультативтік құжат әзірленді

1814

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

Түркістанға ерекше мәртебе беру: Консультативтік құжат әзірленді Фото: primerminister.kz

Ұлттық экономика министрлігі "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңның жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын дайындады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Жеке заңды әзірлеу Түркістан қаласының аумағында тарихи-мәдени мұра объектілері бар рухани және тарихи астана ретіндегі мәртебесін бекітуді көздейді", - делінген құажтта.

Облыстың және қаланың жергілікті атқарушы органдарына бірқатар шешімдер қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін қосымша құзыреттер беру көзделіп отыр.

"Коммуналдық шаруашылықты, көлік инфрақұрылымын, сәулет пен қала құрылысын, сауда мен сервисті реттеу мәселелері облыстық және қалалық мәслихат пен әкімдік деңгейінде дербес шешілетін болады", - деп жазылған құжатта.

Бүгінде Түркістанда 220,5 мың адамды тұрады. Құжатта болашақта халық санының өсімі күтілетіні туралы айтылған. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 35%-ға өсті. Жалпы қала санының өсу қарқыны бірдей қарқынмен күтілуде.

Бұдан бөлек шаһарда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 18,6 мың бірлікті құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің, оның ішінде өнім шығарудың саны туризм саласындағы қызметтердің айтарлықтай өсуін ескере отырып артады деп көзделіп отыр.

Бұдан басқа "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңның қабылдануы бюджеттен қосымша шығынды қажет етпейді деп көрсетілген. 

Құжатты көпшілік талқылау 21 маусымға дейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу