Түркия шет елдермен лирамен сауда жасамақшы

1045

Түркия шет елдермен лирамен сауда жасамақшы

Анкара Ресеймен, Қытаймен және Иранмен тек өздерінің ұлттық валютасында сауда жасауға көшті, деп жазады Haberler басылымына сілтеме жасаған egemen.kz.

Ердоғанның айтуынша, Түркия үкіметінің басшысы Биналы Йылдырым бұл мәселені 5 желтоқсан күні жасайтын Мәскеу сапарында ресейлік әріптестерімен талқыламақ.

"Осылайша біз сыртқы сауданы ұлттық валютамен жасауға өтеміз. Ресейден алатын тауарды тек рубльмен төлеп, өз кезегінде Ресей біздің тауарлардың ақысын түрік лирасымен өтейді", — деді Ердоған.

Президенттің сөзіне сүйенсек, Түркияның Орталық банкіне осындай бұйрық қазірден беріліп қойған. Ертеректе Ердоған өзге мемлекеттердің Түркияға валюта нарығы арқылы экономикалық қысым көрсеткісі келетінін мәлімдеген еді.

"Өкінішке орай, біздің кәсіпкерлер соған алданып қалып жатады", — деген еді мемлекет басшысы. Сонымен қатар Ердоған елді тек ұлттық валютамен қаржы жинауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу