Түркияда 28 миллион жылдық мүйізтұмсық қалдықтары табылды

545

Қалдықтарды палеонтологтар Түркияның Чанкыры провинциясындағы қазба жұмыстары нәтижесінде тапты.   

Түркияда 28 миллион жылдық мүйізтұмсық қалдықтары табылды Фото: Anadolu Agency

Пайдалы қазбаларды зерттеу және барлау бас басқармасы бастаған "Музей зерттеу жобасы" аясында жүргізілген қазба жұмыстары барысында 28 миллион жылдық алып мүйізтұмсықтың жаңа фрагменттері табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Пайдалы қазбаларды зерттеу және барлау бас басқармасы шейіт Жұма Дағ табиғат тарихи мұражайының мамандары 2015 жылдан бері жүргізіп келе жатқан қазба жұмыстарының биылғы далалық зерттеулері аяқталды.

Аталмыш мұражайдың омыртқалы палеонтология тобының жетекшісі инженер-геолог Неше Оял Анадолы агенттігіне берген сұхбатында биылғы қазба жұмыстары аясында сүйек сынықтары түріндегі жаңа олжалардың табылғанын айтты. Оның айтуынша, аймақта шамамен 28 миллион жылдық тарихы бар алып мүйізтұмсық қалдықтары бар.

- "Өткеннен бүгінге дейін құрлықтағы ең үлкен жануар ретінде белгілі алып мүйізтұмсық қалдықтарының Анадолыда табылуы олардың қоныс аударуын және таралу аймақтарын анықтау тұрғысынан үлкен маңызға ие", -  деді.

Оялдың айтуынша өткен жылдары алып мүйізтұмсық қалдықтары негізінен Моңғолия, Қытай, Үндістан түбегі мен Орталық Азияда табылған.

- "Зерттеу барысында алып мүйізтұмсықтың қазба үлгілерінің ең көп саны Түркияда екені анықталды. Осы жылы біз Кемаллы аймағында зерттеу жүргіздік. Алып мүйізтұмсықтың жаңа үлгілері табылды. Бұл үлгілер Анкарадағы мұражайымызға әкелінді. Мұражайдың палеонтологиялық зертханаларында қалпына келтірілгеннен кейін оларға инвентарлық нөмірлер беріліп, мұрағатқа жіберіледі", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу