Түркияда Ердоғанға тіл тигізген 6 адамға сот тексерісі тағайындалды

1355

Олар бір жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Түркияда Ердоғанға тіл тигізген 6 адамға сот тексерісі тағайындалды

Түркия билігі ел Президенті Режеп Тайып Ердоғанға әлеуметтік желілерде тіл тигізгені үшін 6 адам қатысты сот тексерісін бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент "омикрон" штамын жұқтырғанын хабарлағаннан кейін, олар Ердоғанның ар-ожданына тиетін жазба қалдырған. 

Yeni Şafak газетінің мәліметінше, бұл іс бойынша тергеу барысында 26 адам босатылды.

Ескере кететін жайт, Түркияда президенттің ар-ожданына тіл тигізгендерге қатысты заң бар. Ол бойынша азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заң бұзғандарды бір жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

5 ақпанда Ердоған мен оның әйелінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бірақ ол қашықтан жұмыс істейтінін мәлім етті. Сол күні Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар да коронавирус дертіне шалдыққанын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Фото: AP photo

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу