Сотталушылардың барлығы үлескерлердің қаржысын ұрламадық деп зарлап қоя берді. Сөздеріне сенсек, негізінен қаржы директорлары мен есепшілер "Азбука жилья" компаниясының құрылтайшысы Ерғанат Тайжановтың тапсырмаларын орындаған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Бостандық сұраған топ-менеджерлер қараша айында 3-тен 8 жылға дейін абақтыға қамалған болатын. Сотта олардың 3 мыңнан аса үлескердің 40 миллиард теңгесін талан-таражға салғаны дәлелденген. Ал басты айыпталушы экс-депутат Ерғанат Тайжанов Аустрияда жасырынғандықтан, оны елге экстрадациялау ұзаққа созылып жатыр.
"Тайжанов осылай сатқындық жасайды деп ойламадық. Әріптестерін ғана емес, қаншама адамды үйсіз қалдырды. Кінәміз болмаса да, негізінен Тайжановтың кесірі тиді", – дейді сотталушы Салтанат Оспанова.