Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға шамасы жете ме?

488

Елімізде отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін түрмеге  қамалғандар саны 2 есеге артқан.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға шамасы жете ме? Фото: shutterstock

Жыл басынан бері 60 мыңнан астам зәбір көрсетуші жазаланған. Алайда әйелін не бала-шағасын ұрып соғатындардың көбі 10-15 күн қана отырып шығады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сарапшылар Заң қатаңдатылмайынша  қаралы статистика арта береді деп дабыл қақты. Жәбірленушілер не дейді? Әлсіз жандарды заң қорғай ала ма?

Өз қауіпсіздігі үшін қорыққан кейіпкеріміз түрін көрсетпей даусын өзгертуді сұрады. Өйткені күйеуінен көк ала қойдай таяқ жеп полицияға шағымданған сайын ол айыппұлмен құтылған. Енді тек өзіме сенем деп отыр

"Негізі біраз жылдан бері болып жүретіне ол тұрмыстық зорлық. Көбінесе балаларға бола шыдап, көніп сөйтіп жүре беретінмін. Балалар жаңағыдай мамасы әкесін жауып тастапты деген атаққа қалмайын деген. Қазақта бар ғой өзіңнің тапқан күйеуің қайда барасың.  Білесің мінезін көнесің деген сөздер айтылды. Сосын ол қатты тиді менің жаныма сосын мен ешкімге айтпайтын болдым. Өз-өзімді қорғау үшін полицияға жүгіне бастадым. Бірақ айыппұлмен құтылатын еді ғой", - дейді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық жылдан жылға азайып келеді. Бұл Ішкі істер министрлігінің ақпары. Алайда осындай әлсіздерге көмектесетін дағдарыс орталықтарында орын жоқ.

"Былтыр біздің орталықта 135 адам көмек алды. Ал биыл жыл әлі бітпей жатып 194  азамат жүгінді. Яғни тұрмыстық зорлық зомбылықтан зардап шеккендер саны 30 пайызға көбейген. Қазір көмек сұрайтын әйелдердің портреті өзгерді. 6-8 балалы аналар көп. Дағдарыс орталықтарында мүлдем орын жоқ", - дейді "Қорғау-Астана" дағдарыс орталығының басшысы Анна Рыль.

Ана мен бала шырылдап жүргенде қайдан қауіпсіз ел боламыз. Сондықтан шетелдің тәжірбиесіне қарап, әйелдерді қорғауды күшейту керек дейд заңгерлер.

"Егерде сізді басқа біреу ұрса бұл жерде екеуінің айырмашылығы неде бұл жерде жауапкершілікке тартпайды. Сізді далада біреу ұрса біріншіден әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Болмаса бір қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал егер үйде біреу ұрса ол тұрмыстық зорлық-зомбылық болғаннан кейін ол ең бірінші әңгіме, одан кейін ескерту сонан кейін тұрақты бола берсе ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Одан кейін тек қана қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - дейді заңгер Айсана Сман.

Алайда құқық қорғаушылар тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты біздегі заң қатаң дейді.

Халық арасында Салтанат ісі аталып бара жатқан жан түршігерлік оқиғадан кейін елде зорлық зомбылық фактісімен бөлісетіндер көбейді. 

Кейбір белсенділер заң өзгермейінше қыздардан тұрмысқа шықпауды сұрап жатыр. Биліктен заңды қатаңдатсын деген талаппен флешмоб басталып, Петицияға қол жиналып жатыр. Сең қозғалды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу