ТЖД алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды

540

Бүгін шаһарда төтенше жағдайларға дайындық дабылы соғылады. 

ТЖД алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 2019 жылдың 7 қараша күні, сағат 12:55-те Алматы ТЖД бірыңғай хабарлау жүйесінің техникалық дайындығын сынақтан өткізеді. Оқу-жаттығу жұмыстары барысында электр сиреналар арқылы "Баршаңыздың назарына!" дабылы соғылады. Ол бірден теледидар, радио және басқа да ақпарат құралдары арқылы халыққа дайындық жұмыстары туралы хабар береді",-деді Алматы ТЖД мамандары.

Мұнайды сынақ жұмыстары шаһарда әр айдың бірінші бейсенбісінде жүргізіледі. Ал бейсенбі күні қандайда бір мерекеге сәйкес келіп қалса "Баршаңыздың назарына!" дабылы сол айдың екінші бейсенбісіне ауыстырылады. 

"Соған байланысты Алматы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады. Бұл ретте төтенше жағдай барысында дабыл соғылғанда әрекет ету тәртібін естеріңізге саламыз. Егер дабыл үйде болған кезіңізде соғылса радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып, беріліп жатқан мәліметті мұқият тыңдап, соған сәйкес әрекет етіңіз. Егер бұл уақытта далада тұрсаңыз көше дауыс ұлғайтқышындағы жедел хабарландыруды тыңдап, айтылған ережелер бойынша қимылдаңыз",- деп хабарлады Алматы ТЖД мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу