UEFA Суперкубогі матчына алғаш рет әйел-арбитр төрешілік етеді

1084

"Ливерпуль" мен "Челси" арасында болатын ойында француз әйел Стефани Фраппар төрешілер бригадасын басқаратын болады.

UEFA Суперкубогі матчына алғаш рет әйел-арбитр төрешілік етеді

Футболдың әлемдік тарихында бірінші рет әйел-арбитр UEFA Суперкубогі матчына төрешілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ливерпуль" мен "Челси" арасында болатын ойында француз әйел Стефани Фраппар төрешілер бригадасын басқаратын болады. Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығының одағы Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.

Ал Мишель О’Нил мен Мануэла Николоси оның ассисенті болмақ. Сондай-ақ, футбол жанкүйерлеріне кеңінен танымал түркиялық Джюнейт Чакыр резервтегі төрешілікке тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу