Ұлттық алтын-валюта қоры қалай толықтырылады?

481

Былтыр қазақстандық алтын өндіруші компаниялар 73 тоннадан астам бағалы металл шығарды.

Ұлттық алтын-валюта қоры қалай толықтырылады? Фото: inbusiness.kz

Еліміздің стратегиялық алтын қорын арттыруға үлес қосқан кәсіпорынның бірі  RG Gold компаниясы. Мекеме 1 жылда ұлттық резервті 6 тоннаға дейін алтынмен толықтырды. Еске салсақ, осыдан тура бір жыл бұрын компания жаңа тау-кен металлургиялық кешенін іске қосқан болатын. Өзінің алғашқы алтын құймасын да сол кезде шығарды.

Ақмола облысындағы Райгородок кен орны. Бұл бір кездері перспективасы төмен саналған аймақ. Қазіргі күні Қазақстанда моно кен орындарының ішінде Райгородок алтын қоры бойынша 3-ші орында. 1996 жылғы алғашқы геологиялық барлау жұмыстары нақты нәтиже бермеді. Тек 12 жылдан кейін және акционерлердің геологиялық барлауға салған инвестицияның арқасында кен орнын біртіндеп өндіру басталды. 2018 жылы барлау 108 тонна бағалы металл барын көрсетті. Бұл бастапқы көрсеткіштерден үш есе көп. Осылайша Райгородок кен орнында өндірілітен барлық алтын еліміздің алтын-валюта қорын толықтырады.

"Зауыттың кен өңдеу қуаты 5 миллион тоннаға есептелген. Фабрика 24 сағат үзіліссіз жұмыс істеп, күніне 16-17 мың тонна құрамында алтыны бар материалды өңдейді. Әр тоннадан 1 грамм алтын аламыз. Біздің жабдықтар өңдеуді 20% арттыруға қауқарлы. Сондықтан болашақта кен өңдеуді жылына 5,5 миллион тоннаға, тиісінше алтын өндіруді 5,5 тоннаға дейін жеткізу жоспарымыз бар", – дейді "RG Gold" компаниясының бас металлургы Дария Спанбекова.

Мекеме шикізат қорын ұлғайту үшін тағы бірнеше кен орнына барлау жұмыстарын жүргізуде. Болашақта Новоднепровское, Шарық және Орталық Райгородок учаскелерін игеруге кіріспек.

"Жалпы, біз классикалық схеманы ұстанамыз. Бұл дегеніміз кәсіпорын жұмыс істей бастағанда қосымша барлау жұмыстарына инвестиция салынады. Тиісінше, өндіріс артады. Біздің мақсатымыз жаңа кен орындарын іздеу және мол шикізат қорын құру. Егер бәрі сәтті болса, онда зауыттың қуатын бірнеше есе арттыру қажет болады. Біздің үмітіміз зор" - дейді "RG Gold" компаниясының операциялық директоры Руслан Севостьянов. 

Жаңа кен орындарын игеруге кәсіпорынның әлеуеті жеткілікті. Былтыр RG Gold компаниясы 5 млн тонна алтын өңдеуге қабілетті жаңа тау-кен металлургия кешенін іске қосқан болатын. Кен орнының аумағында тек алтын өндіретін фабрика ғана емес, 600 астам қызметкерге арналған жатақхана, спорт кешендері бой көтерді. Құрылысты 18 айда жүзеге асырды.  Бұл мақсатқа акционерлер қаржы құйып, шетелдік инвестициялар тартылды. Жетпесін Қазақстанның Даму Банкі несиелендірді.

"Банк өзінің табысты және ұзақ мерзімді әріптес бола алатынын бірқатар ірі инвестициялық жобалар арқылы көрсетті. Жобаның сәтті жүзеге асуы үшін ҚДБ жобаны қаржыландыруды уақытылы мақұлдағаны маңызды орын алды", - дейді "RG Gold" компаниясының мемлекеттік органдарымен жұмыс жөніндегі басшысы Қадыржан Дауталин.

RG Gold тау-кен металлургиялық кешенін сәтті жобалардың қатарына күмәнсіз енгізуге болады. Өйткені, компанияның дамуы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатына да оң әсер етуде. Кәсіпорын жыл сайын кен орынмен іргелес жатқан ауылдарды әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін 100 млн теңгеге дейін қаржы бөліп келеді. Мекемедегі 1200-ге тарта қызметкердің 70 пайызы  жергілікті тұрғындар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу