"Мамырдың соңғы он күндігінде рубль бағамы 2018 жылғы ақпаннан бастап ең төменгі мәнге жеткен болатын. Рубльдің қарқынды нығаюында Ресей Федерациясы қабылдаған капитал қозғалысын бақылау шаралары рөлінің маңызы зор. Атап айтқанда, экспорттаушылардың валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті түрде сатуы, капиталды елден шығаруға тыйым салу және т.б. Теңгемен салыстырғанда, рубль бағамының барынша нығаюы өзара баға белгілеу кезінде 1 рубль үшін 5-5,5 теңгеден 7 теңгеге дейін өзгеруіне әкелді", – деді Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.
Бұл ретте ол мұндай тепе-теңдіктің бұзылуы Ресей мен Қазақстанның саудадағы немесе құрылымдардағы іргелі өзгерістерге байланысты болмағанын атап өтті.
"Теңге рубль сияқты айтарлықтай нығайған жоқ, себебі рубльдің нығаюы біздің ұлттық валютамызға тікелей әсер етпейтін ерекше факторларға байланысты. Рубль мен теңгенің нарықтық бағамына Ұлттық Банктің қатыспайтынын атап өткен жөн. Сондықтан рубльмен немесе кез келген басқа валютамен тепе-теңдікке әсер ету мақсатында ұлттық валюта бағамымен қандай да бір іс-шаралар жасалмайды. Біздің мақсатымыз – ішкі қаржы нарығындағы тұрақсыздықты болдырмау және шектен тыс құбылмалылықты ретке келтіру, бірақ бағамның белгілі бір деңгейін таргеттеу емес", – деп жазылған Әлия Молдабекованың түсініктемесінде.
Құралай Құдайберген