"Ұлттық қордың ақшасын қазіргі қарқынмен пайдаланса, 10 жылға жетеді"

1379

Ресей экономисі Ұлттық Қордың келешегі туралы болжам айтты.

"Ұлттық қордың ақшасын қазіргі қарқынмен пайдаланса, 10 жылға жетеді" Фото: inbusiness.kz

Ұлттық қорға салғанымыздан алғанымыз көбейіп барады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

AIX инвестициялық хабы мен Renaissance Capital инвестициялық компаниясы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында еліміздің Ұлттық қорына қатысты болжамдар айтылды. 

Ресей мен ТМД эономикасы бойынша сарапшы экономист Софья Донецтің айтуынша, Ұлттық қорды былтырғыдай үдемелі пайдалану 2022 жылға дейін жалғасуы мүмкін. 

"2022 жылдан бастап Қазақстанның Ұлттық қорының доллармен есептегендегі көлемі өсе түспек. Биыл да былтырғыдай Ұлттық қордан бюджетке үлкен көлемде трансферт алдыңыздар. Бірі мұнай бағасының түсуімен байланысты болса, екіншісі дағдарыстың салдарын жоюға бағытталды. Бұл жолғы шығындарыңыз оның алдындағы жылдарға қарағанда айтарлықтай көп болды. 2020 жылға дейін Ұлттық қорға түсетін қаражат бюджетке бөлінетін трансферттен жоғары болатын. Осының арқасында біртіндеп қаржы жиналып келе жатқан. Долларға шақса да, теңгеге шақса да көлемі өсіп қана отырды. Биыл керісінше қорға түскен қаражаттан трансферттік шығын асып кетті. Жалпы ішкі өнім төмендегентіктен ғана Ұлттық қордың оған шаққандағы қатынасы елеусіз азайды. Ұлттық қор биыл мұнай қорына сай жұмыс істеді. Қазіргі мөлшері айтарлықтай тартымды деуге болады, ЖІӨ-нің 40 пайызына тең. Бұл өте көп деуге болады. Біздің бағалауымызша бұл ақша мұнай бағасы бареліне 30 доллардан төмен болғанның өзінде бюджетті 10 жыл бойы үздіксіз толықтыруға жетеді", – деген маман Ұлттық қорға қол салу 2022 жылы ғана саябыр табады деген болжам айтты.

"Биыл да Ұлттық қорды пайдалану үдейді. Тек 2022 жылдан бастап қана қорды жарату деңгейі түсетін табыстан азайып, жинақтау кезеңіне көшуге болады деп болжаймыз", - деді Софья Донец.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу