Ұлттық нейрохирургия орталығында миға жылына 5 мыңға жуық ота жасалады

294

22 шілде – Дүниежүзілік ми күні. 

 Ұлттық нейрохирургия орталығында миға жылына 5 мыңға жуық ота жасалады Фото: Ұлттық нейрохирургия орталығы

Оның ішінде балалармен қатар ересектер де бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күн сайын мидың ауыр ауруларымен бетпе-бет келетін Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, медицинаның қауымдастырылған профессоры,  Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиев салауатты өмір салтын ұстануға, жарты жыл, жыл сайын бір рет скринингтен өтуге кеңес береді.

Бұл - мидың МРТ/КТ, терапевке бару және ағзаңыздың медициналық көмекке мұқтаж немесе қажеттігін анықтауға көмектесетін бірқатар талдаулар жасау. Және осы атаулы күнде  мидың жұмысын жақсарту және жалпы денсаулықты нығайту бойынша негізгі ұсыныстарды еске салды.

1. Ақыл-ой жұмысы. Кітап оқу, курстардан өту, бас қатыратын сөзжұмбақтар, математикалық есептер, сурет салу, қолөнер және басқа да осыған ұқсас тапсырмалар мидың жұмысын күшейтеді.

2. Жаттығу. Зерттеулер көрсеткендей, бұлшық еттеріңізді пайдалану сіздің ойлау қабілетіңізге де көмектеседі. Жаттығу жаңа жүйке жасушаларының дамуын ынталандырады және ми жасушалары арасындағы байланысты арттырады (синапстар). Бұл мидың тиімдірек, серпімді және бейімделгіш болуына әкеледі.

3. Жақсы тамақтану. Ол ақыл-ойыңыз бен күш–қуатыңыздың артуына  көмектеседі. Көкөністерге, жемістерге, балыққа, жаңғақтарға, қанықпаған майларға (зәйтүн майы) және өсімдік негізіндегі ақуыз көздеріне көбірек назар аударыңыз.

4. Қан қысымын, холестеринді және қандағы қант деңгейін бақылау. Жоғары қан қысымы, қант диабеті, жоғары холестерин және артық салмақ деменция мен когнитивті бұзылулардың даму қаупін арттырады.

5. Темекі мен алкогольден бас тарту. Темекінің барлық түрлерінен аулақ болыңыз. Алкогольді шамадан тыс тұтыну деменцияның негізгі қауіп факторы болып табылады.

6. Эмоцияны бақылау. Мазасызданған, депрессияға ұшыраған, ұйқысы қанбаған немесе шаршаған адамдар когнитивті тесттерде нашар нәтижелерге ие болады. Жақсы психикалық денсаулық пен ұйқының тыныш болуы - сау адам өмірінің маңызды құрамдас бөлігі.

7. Белсенді әлеуметтік өмір. Күшті әлеуметтік байланыстар деменция қаупінің төмендеуімен, сондай-ақ ұзақ өмір сүрумен байланысты болды. Бұл жағдайда тірі қарым-қатынасқа артықшылық беру керек және әлеуметтік желілерде уақытты шектеу керек. Зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік желілерге шамадан тыс құмарлық адам миының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.

"Өзіңізді күтіңіз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, деніңіз сау болсын",  - деп тіледі дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу