"Ұлы дала жорығының" басталуына 8 күн қалды

485

1 300 км шақырымды бағындыруға әркім үлес қоса алады.

"Ұлы дала жорығының" басталуына 8 күн қалды Фото: "Ұлы дала жорығы" ұйымдастыру комитеті

6-19 қыркүйек аралығында шытырман оқиғаларға толы "Ұлы дала жорығы" өтеді. Оған 20 команда қатысады.

"Ата-бабаларымыздың жүріп өткен ізімен 1300 км шақырымды бүгінгі күннің батырларымен бірге қайта бағындыр", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Астана-Түркістан бағытындағы 1300 км қашықтықтың ең ұзақ әрі ең қиын бөлігі (Бетпақ дала) Ұлытау облысының аумағынан өтеді. Дәл осы жерде жол бойы тарихи әрі мәдени ескерткіштер ең көп шоғырланған. Алтын Орданың  негізін қалаған Алаша хан, қазақ хандарының әулетін қалаушы, Шыңғыс ханның тұңғышы - Жошы хан жерленген киелі жер де дәл осы Ұлытау өңірінде. Бұдан басқа Домбауыл батыр, Болған ана, Талмас ата, Ерден сұлтан, Дүзен Сандыбайұлының денелері де Ұлытау жерінде мәңгілік тыныштық құшағына берілген. Ежелгі Басқамыр, Аяққамыр қалашықтарының іздері де осы жерде сайрап жатыр.

Сонымен қатар, Ұлытаудың Бетпақ даласында үш жүздің басын қосып, қалмақты жеңетін ұлы шайқас болған Қалмаққырған киелі жері бар. Осының барлығын "Ұлы жорыққа қатысушылар" өз көздерімен көріп қана қоймай, сол заманның рухын сезініп, бойларына сіңіріп  қайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу