Ұлыбританиядағы үй құны 2,1%-ға көтеріліп, соңғы 7 айдағы ең жоғарғы деңгейге жетті. Бұл туралы Halifax консалтингтік компаниясы жариялады. Көрсеткіш қазан айымен салыстырғанда 1%-ға артқан. Осылайша елдегі жылжымайтын мүліктің орташа бағасы 308 000 долларға жеткен.
"Нарықта құбылмалылық сақталғанымен, сатып алушылар мен сатушылар ипотекалық қарыз бен үйлердің аздығы сияқты факторларға назар аударып отыр", – дейді компания директоры Рассел Гэлли.
Halifax боджамына сүйенсек, 2020 жылы елдегі тұрғын үй құны біртіндеп өсе бастайды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу