Үндістан Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруға шақырады

515

Елдің экономикалық тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін Ауғанстанда инклюзивті үкімет құру қажет. 

Үндістан Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруға шақырады Фото: bigasia.ru

Бұл туралы Үндістанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің кеңесшісі Мадху Судан мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үнді өкілі Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті жаһандық қауымдастықтың маңызды аспектісі деп атап, барлық елдерді бейбітшілік жолында күш біріктіруге шақырды.

Дипломаттың айтуынша, Ауғанстанның саяси жүйесіндегі өзгерістерге қарамастан, Үндістанның ондағы қарапайым халыққа деген көзқарасы өзгерген жоқ. Сондықтан Нью-Дели бұған дейін Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 50 мың тонна бидай, коронавирустық вакциналар, басқа да дәрі-дәрмектер мен күнделікті тауарларды жіберген.

2021 жылдың тамызында "Талибан" қозғалысы (ҚР-да тыйым салынған ұйым - ред.) Кабулда билікті басып алғаннан кейін, елдегі жағдай айтарлықтай нашарлады. Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс басталды. Шетелдік активтердің қатып қалуына байланысты мемлекет ақшасыз қалды, ал мамандардың жаппай кетуі медицинаның құлдырауына әкелді.

Азық-түлік пен жанармай бағасының өсуі де қуантып отырған жоқ. Жүздеген мың адам жұмыссыз қалды, қаржылық белсенділік күрт төмендеді. Барлық жоғарыда айтылған қиындықтар салдарынан кедейлік, терроризм мен есірткі саудасы күшейіп барады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу