Қасым-Жомарт Тоқаев: Үндістанның компанияларын елге IT мамандар даярлауға шақырамын

1423

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстанға Үндістанның компанияларын шақырды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев: Үндістанның компанияларын елге IT мамандар даярлауға шақырамын

Президент жасанды интеллект, Big data, онлайн коммерция мен киберқауіпсіздік секілді салаларды дамыту сұранысқа ие екенін атап өтті.

Айтуынша, Қазақстанда телекоммуникация, электронды өнеркәсіп саласындағы зертханалар, электронды техниканының жинақтау өндірістерін құру жобалары қызығушылық бар.

"Біз осы бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз. Үндістан компанияларын қазақстандық нарыққа шақырамыз. Қазақстан халқына Жолдауымда 2025 жылға қарай 100 мыңнан кем емес жоғары білікті ІТ-маманды даярлау міндетін қойдым. Осыған байланысты ІТ және инженер кадрларды оқытуда Үндістанның мол тәжірибесі біз үшін қызықты болып тұр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аталған саладағы тәжірибелік қадам ретінде "Astana Hub" IT-стартаптар халықаралық технопаркінің базасында Bagmane және басқа да үнділік ІТ-алпауыттармен бірлесе Орталық Азия үшін инженерлік кеңсе мен ақпараттық технология мектебін ашуды ұсынды.

Елдегі жетістіктерді айтып өтті.

"Экономиканы цифрландыру – әлемнің басты тренді. Қазақстанда электронды үкімет тиімді жұмыс істеп тұр. Экономиканың барша жүйе құраушы секторларын цифрландыру, сондай-ақ Smart қалаларды, медицина мен білім беру салаларын дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр. Цифрлық шешімдер банктік-қаржылық жүйеде табысты қолданылып келеді", – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу