Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатынан 3 адам қаза тапты

994

Тікұшақ су тасқынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында көтерілген екен.

Үндістанның солтүстігінде тікұшақ апатынан 3 адам қаза тапты

Үндістанның Уттаракханд штатында су тасқынан зардап шеккендерге көмек көрсетпек болған тікұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 3 адам ажал құшты. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлауда.

Ресми дерек бойынша, қайғылы оқиғадан әуе кемесінің командирі, ұшқыш пен жолаушы көз жұмды. Мамандардың айтуынша, тікұшақтың электр желісіне соқтығысуына қолайсыз ауа райы себеп болған. 

Айта кетейік, соңғы бірнеше күн ішінде Уттаракхандта жауған толассыз жаңбырдан қаза тапқандардың саны 30-дан асып кетті. Жауын-шашын салдарынан аймақта су тасқыны жүріп, жергілікті халық әбден әбігерге түсті. Бірқатар елді мекеннің тұрғындары апаттың салдарын әлі тартып отыр. Жергілік билік жүздеген мың адамды қауіпсіз жерге көшірген. Мамандар биылғы муссонды соңғы он жылдағы ең сұрапылы деп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу