Универсиада – 2019: Шорт-тректен Қазақстан командасы финалға жолдама алды

1005

Ерлер мен әйелдер командасы эстафетадан финалдық кезеңге өтті. 

Универсиада – 2019: Шорт-тректен Қазақстан командасы финалға жолдама алды

Ресейдің Красноярск қаласындағы Универсиада ойындарында шорт-трекшілер жарысы жалғасуда. Кеше ерлер мен әйелдер 500 метрге жарысудан бақ сынады деп жазады Olympic.kz. 

Қыздар арасында қазақстандық Яна Хан 13-ші, Әлия Әмірғалиева 22-ші, Хадиша Бақыткереева 23-ші орында. Бұл сында үздік үштікті Франция, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. 

Ерлерден сынға түскен Денис Никиша бесінші орыннан көрінсе, Нұрлыбек Бейсеев 19-шы, Евгений Ребик 21-ші сатыда. 

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер командасы эстафетадан финалдық кезеңге өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу