Мұндай сұраныс аясында Қазақстан уран өндірісі саласындағы көшбасшылығын Канадаға сыйлауы мүмкін. Канаданың Саскачеван провинциясында уранның ошағы табылып, кен өндірісі жолға қойылды. Болашақта мұнда өндірілетін уран көлемі бүкіл әлемдік ұсыныстың 13%-ын құрайды деген болжам бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әлемнің түкпір-түкпірінде климаттың өзгеруіне байланысты көміртексіз энергияға қызығушылық артып, оны өндіретін атом энергетикасы қайта күн тәртібіне еніп келеді. Содан болар негізгі шикізат — уранның бағасы күн санап өсіп келеді, ал оның қарқыны алтын, күміс, қола бағасының өсімінен асып түскен. Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда уран бағасы 233%-ға өсті. Яғни, сала сарапшыларының пікірінше, әлем жапондық "Фукусима" атом электр станциясындағы апат салдарынан дүрбелеңнен кейін қайта бой түзеді. Бейбіт атомға деген сенім орнына келді, сұраныс артты.
Мұндай сұраныс аясында Қазақстан уран өндірісі саласындағы көшбасшылығын одан әрі нақтылап, бекітуіне әбден болар еді, бірақ жақында Канаданың Саскачеван провинциясында уранның ошағы табылып, кен өндірісі жолға қойылды. Болашақта мұнда өндірілетін уран көлемі бүкіл әлемдік ұсыныстың 13%-ын құрайды деген болжам бар, яғни, Дүниежүзілік ядролық қауымдастық айтуынша, Канада уранның ірі өндірушісі ретінде Қазақстанды басып озуы әбден мүмкін. Әзірге Қазақстан әлемде өндірілген уранның жалпы көлемінің 40%-ын, Канада 21%-ын өндіреді.
Канададағы Саскачеван провинциясының батыс шекарасында, шексіз қара шыршалармен қоршалған көлдің иілуіндегі орманда болашақта бүкіл әлемнің назарын аулайтын шағын аванпост құрылды.
Сәуір айында қыстың азуы кете қоймайтын, 50 миль радиуста қара аюлар мен қасқырларды қоспағанда, қала мен ауыл көрінбейтін адам тұрғысыз жерде жақында 40 миллионнан астам үйді жылумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті уран кен орны табылды, деп жазады Bloomberg.
Уран кен орындары бүкіл жер бетінде — әлемдегі ең ірі өндіруші Қазақстаннан Оңтүстік Африкаға дейін таралған. Бірақ олардың ішінде бірері ғана Саскачевандағы Атабаска бассейніндегі кен орындары сияқты бай болуы мүмкін.
Дәл осы жерде, Паттерсон көлінің жағасында NexGen лагері орналасқан. Бәсекелес компаниялар оның айналасындағы кен орындарын сатып алуға асығып жатыр. Батысқа қарай бірнеше миль жерде Fission Uranium Corp. өз жобасын әзірлеудің басталуына жақын. Шығысқа жақын жерде F3 Uranium Corp барлау жұмыстарын жүргізеді. Denison Mines Corp сәл шығысқа қарай, Orano Canada және Cameco Corp. — бүгінгі таңда әлемдегі ең өнімді уран шахтасын басқаратын жаңа жобалар бастап, қолданыстағы шахталардың қуатын арттырып, жабық шахталардың жұмысын қалпына келтіріп жатыр.
Жердегі минералдардың көптігі соншалық, кейбір шахталарда, соның ішінде NexGen шахтасында уранды сатпас бұрын сұйылтуға тура келеді. Мұндай тазалық миллиард жылдан астам уақыт бұрын қалыптаса бастаған таужынысының пайда болуының нәтижесі.
NexGen негізін қалаушы әрі бас директоры Ли Кюрьер өзінің шахтасын және жалпы Атабаска бассейнін "таңғажайып орын" деп атайды. Торонтодағы Scotiabank компаниясының тау-кен саласының талдаушысы Орест Вовкодав "жалғыз мүйіз" терминін жақсы көреді. Оның бағалауы бойынша, NexGen шахтасы бүкіл әлемдік ұсыныстың 13%-ын қамтамасыз ете алады.
Кюрьер Фукусима апатынан кейін уран бағасы төмендегенінен қарамастан, инвесторлар тобын жинап, Паттерсон көлінің айналасындағы жер учаскесін және минералды құқықтарды арзан бағамен сатып алды, сөйтіп 2013 жылы бұрғылауды бастады.
Жоба басталғаннан кейін он ай ішінде NexGen 20 ұңғыманы бұрғылап, ешқандай нәтижеге жете алмады. Кюрьер қобалжи бастады. Уран табу қиын мәселе. Ұңғымалар металл концентрациясына өте жақын жерде - небәрі бес метр жерде болса да уранға жету мүмкіндігі төмен. Кен орнын зерттеушілердің көбі металды тапқанға дейін бар ақшасымен қоштасып жатабы.
NexGen командасы 2014 жылы тек 21-ші реттен кейін көптен күткен нәтижеге жетті — табылған үлгі уранның жоғары концентрациясымен қаныққан. Отызыншы әрекет нағыз жетістік әкелді.
Бүгін Паттерсон көлінде белсенділік қызып тұр. Мұнда шамамен 25 жылытылатын шатыр, фитнес-орталық, асхана, портативті кеңселер және геологиялық зертханалар орналасқан. Жұмысшылар уран үлгілерін зерттеп, шахта салуды жоспарлап отыр.
Дегенмен Кюрердің құйған ақшасы өз жемісін бере ме, бермей ме — ол келешектің еншісінде. Өйткені уран нарығы өте құбылмалы, бүгін бағасы шарықтап тұрған уран ертең-ақ құнсыздануы мүмкін. Бұрын мұндай жағдайлар көп болған. Оның жарқын мысалы — NexGen лагерінен солтүстікке қарай шамамен 130 миль жерде Ураний қаласы. Бұл бір кездері тіршілігі қызған тау-кен қауымдастығы болды, қазір бәрі керісінше (соңғы санақ бойынша халық саны: Канада статистикасының мәліметтері бойынша 91 адам). Атом энергетикасына деген бар ынта-жігерді адам өліміне әкелетін бір ғана апат қайта басуы мүмкін. Әлем тағы бір апаттан құтыла алса да, радиоактивті қалдықтарды қалай және қайда тастау керектігі туралы өткір мәселе көптеген реакторлар салу бастамасының негізгі осалдығы болып қала береді.
Жоғарыда айтылғандай, әлемдегі ең ірі уран өндірушісі бола алатын Канадада да атом энергетикасына деген дұшпандық лебі сезіледі. Британдық Колумбия, Саскачеван сияқты табиғи ресурстарға бай провинцияларда бұл металды өндіруге және атом станцияларын салуға әлі де тыйым салынған. Алайда Канада басшылары осы сәтті пайдаланып қалуды ойлап отыр, сондықтан Премьер-министр Джастин Трюдо жақында уран өндіруді елдің нөлдік шығарындыларға қол жеткізу жоспарының негізгі элементіне айналдырды.
Бүгінде бүкіл әлем бойынша 61 атом электр станциясы салынып жатыр. Тағы 90-ға жуығы жоспарлау сатысында, ал 300-ден астамы ұсынылған. Кейінгі кездері, тіпті бірнеше жыл бұрын жабылған ескі станцияларды қайта ашуға деген ұмтылыс байқалады.