Ұялы телефоныңызды тіркеуді ұмытпаңыз

2123

"Байланыс туралы" заңға сәйкес мемлекет әрбір қазақстандыққа ұялы телефонын 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін тіркеуді міндеттейді.

Ұялы телефоныңызды тіркеуді ұмытпаңыз

"Кселл" АҚ коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова Қазақстанда абоненттік құрылғыны тіркеудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Біз бұл істі Kcell және activ абоненттері үшін жеңілдетуге тырыстық және түсінікті әрі оңай әдістерді ұсындық", - дейді Наталья Еськова.

SMS, USSD пәрмендері, "Жеке кабинет" арқылы тіркелу байланыс желісі қамтитын кез келген жерде болуы мүмкін. Абоненттер кеңсеге барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.

Бірінші және ең оңай тәсілі ол 6006 нөміріне SMS жіберу және өзіңіздің ЖСН нөмірін көрсету. Екінші тәсіл - телефондағы USSD-пәрменін теру - *660# және қоңырау шалу түймешігін басқаннан кейін ЖСН енгізесіз, осыдан кейін өріс ашылады, "Жіберу" түймесін басасыз. Үшінші тәсілмен тіркелу үшін kcell.kz немесе activ.kz сайттарындағы "Жеке кабинетке" кіру қажет.

Деректерді жібергеннен кейін абонент ақпараттың әрі қарай тіркелу үшін қабылданғандығы туралы хабарлама алады.

Наталья Еськованың айтуынша, бұл ең әуелі тұрғындардың өзіне керек. Себебі телефон ЖСН және абонент нөмірімен бірге тіркелетін болса онда ұрылар құрылғыны жаңа SIM-карта салса да пайдалана алмайды.

"Мен қазақстандықтарға бұрын қолданыста болған смартфондарды сатып алар кезде алдыңғы иесінің атына тіркелімнен шығарылғанын сол орында тексеруге кеңес беремін, өйткені кейін пайдалана алмайтын телефон сатып алуыңыз мүмкін", - дейді ол.

Егер телефон тіркелген және қолданыста, бірақ оны сатуға немесе сыйға тартуға жоспарласа

келесі заңды иеленуші телефонды толық пайдалануы үшін, сіз өз еркіңізбен телефондағы алдыңғы тіркеуден бас тартуыңыз керек. Содан кейін, жаңа иесі телефонды өзіне тіркей алады.

Телефонмен қатар "Абоненттік құрылғылар" да тіркеледі: планшет, ақылды сағат, мысалға оның ішіне AppleWatch, балаларға арналған GPS сағаты, модем, роутер.

"Егер SMS-хабарламаларды жіберу және қабылдау функциясын қолдамаса, планшетті тіркеу үлгісін қарастырайық. Егер бұрын сіз планшетте пайдаланылатын абонент нөмірімен "Жеке кабинетке" кірмесеңіз, алдымен осы нөмір бойынша авторизация қажет. Ол үшін SIM-картаны планшеттен шығарып, оны ұялы телефоныңызға салып, 245 нөміріне кез келген бос емес SMS жолдаңыз. Жауап ретінде сіз "Жеке кабинетке" кіру үшін пароль аласыз. Содан кейін SIM-картаны планшетке салыңыз, тіркелгіні енгізіңіз және тіркеуден өтіңіз", - деп түсіндірді компания өкілі.

SIM-карталары бар автокөлік сигналдары, датчиктер, трекерлер, POS-терминалдар және басқа құрылғыларды тіркеудің керекгі жоқ.

"Егер бала смартфонды қолданса және ол 14 жасқа толмаса, ата-анасы өз ЖСН-ін тіркейді. Егер бала 14 жастан асқан, бірақ 16 жасқа толмаған болса, онда телефонды ата-анасының немесе ресми қамқоршының қатысуымен тіркеу керек. Бала 16 жасқа толғаннан бастап құрылғыны өз ЖСН-не тіркеуі қажет", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу