АҚШ астанасы Вашингтон қаласында ереуілдердің арты қақтығысқа ұласып кетті. Бас көтергендер елдің жетінші президентіне арнап тұрғызылған ескерткішті құлатпақ болған, бірақ полицейлер оған жол бермеген. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.
Ереуілшілер ескерткіш қоршауын қиратып, кейбіреулері оның үстіне мініп жіппен байламақшы болған. Тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарды тарату үшін полицейлер бұрышталған спрейді қолданған, сол бойда олардың арасында қақтығыс басталды. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жарияланбады.Бұған дейін ереуілшілер АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтонның ескерткішін құлатып тастаған еді.
Құрама Штаттардағы жаппай ереуілдер Джордж Флойд есімді афроамерикалықтың өлімінен кейін шарпыды. Флойд төрт полицейдің оны тұтқындап жатқан сәтінде қаза тапқан еді.
Табиғат Нұрболат
Фото: voanews.com