Бокстан Ташкентте өткен Азия біріншілігінде 91 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Василий Левит бүкіл қарсыласынан басым түсіп, финалда үнді боксшысы Сумит Сангванды сан соқтырды.
Сөйтіп Левит Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салып, үш дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш Қазақстан боксшысы болып отыр.
Ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен Ерік Əлжанов, Абылайхан Жүсіпов және Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшыларына жол беріп, күміс медаль иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу