Заңға әкімшілік санкция мөлшерін көбейтуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

1148

Павлодар облысы елдегі ЖІӨ-нің 4,5%-ын өндіретін, Қазақстандағы индустриялық және экономика жағынан дамыған өңір.

Заңға әкімшілік санкция мөлшерін көбейтуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ҚР ҰЭМ басшысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, халықтың табысын молайту міндетін жүзеге асыру аясында ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есе ұлғайып, 42 мың 500 теңге болатыны туралы хабарлады. Министрдің айтуынша, жалақы өсімі 1,3 млн қазақстандыққа қатысты.

Тимур Сүлейменов, сондай-ақ, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекет басшысының жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту туралы бастамасы жүзеге асырыла бастайтынын еске салды. Мәселен, 2019 жылдан бастап, жалақысы 63 125 теңге немесе 25 АЕК-тен төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығы 10 есе азайтылады. Бұл жеңілдік 25 АЕК-ке дейін жалақы алатын 2 млн адамға қатысты.

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін елімізде Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдарда жыл сайын қосымша 30 млрд теңге бөлінеді.

"Үшжылдық бюджетке қосымша 90 млрд теңге салынады, осыған дейін 39 млрд теңгеден салынған болатын. Яғни, ШОБ қолдау көлемі – жылына 69 млрд теңге. Бұл қомақты қаражат. Өңір басшыларына айтарым: 2019 жылға қаржы бөлу басталысымен, біз сіздерге барынша жедел түрде ақша аударуымыз үшін жобалар пулын әзірлеңіздер; сіздер оны кейін "Даму" қоры арқылы нақты ЖК, ЖШС және тағы да басқаларға тікелей бере аласыздар. Әзірлік жұмыстарын сіздерге қазірден бастау қажет", - деді Ұлттық экономика министрі.

ҰЭМ басшысы сондай-ақ, алдағы болатын Қазақстандағы "салық рақымшылығы" туралы кеңінен түсіндірді

Алдағы индустрияландырудың жаңа бесжылдығы туралы айта келіп, министр өңдеу өнеркәсібіне айрықша назар аударыла беретінін атап көрсетті.

Министрдің айтуынша, сондай-ақ, экологиялық ахуалды жақсарту үшін заңнамаға экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік санкция мөлшерін көбейтуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Экологиялық анағұрлым өткір мәселелерді көпшілікпен бірлесіп шешу және экологиялық мониторингілеу жүйесін дамыту бойынша шаралар қолға алынады.

Павлодар облысы елдегі ЖІӨ-нің 4,5%-ын өндіретін, Қазақстандағы индустриялық және экономика жағынан дамыған өңір екені белгілі. Жергілікті экономика құрылымының 40%-дан астамы өнеркәсіпке тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу