Заңсыз сақталған қарулар қайдан әкелінген?

Антикварлық және тарихи құндылығы бар қару криминалистикалық бөлімдердің заттай коллекцияларына немесе ІІМ-нің мұражайларына берілуі мүмкін. 

Заңсыз сақталған қарулар қайдан әкелінген? Фото: Tengrinews

Бұл туралы ІІМ өткен брифингінде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қару-жарақ заттары қайдан пайда болуы туралы айтсақ, әлбетте олардың көбі – бұрыннан мұраға қалған, не тауып алынған немесе оларды тіркеу бойынша шектеуді енгізгенге дейінгі сатып алынған қарулар", – деп түсіндірді Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы.

Мысалы, бұрын 1970 жылға дейін қарулар малшыларға аңдардан қорғану үшін есепсіз таратылған.

Барлық тексеріс іс-шараларынан кейін тапсырылған қарулар мен оқ-дәрілер жою процессін бейнежазбаға түсіре отырып, комиссиялық түрде жойылады.

"Жою алдында қару бөлшектенеді.

Оқпандар мен тетік бөлшектердің ешқайсысы одан әрі пайдалану үшін жарамды болып қалмайтындай механикалық жолмен деформацияланады. Бұдан әрі атуға жарамсыз қару өнеркәсіп кәсіпорындарында балқытылады.

Қағидаларға сәйкес антикварлық және тарихи құндылығы бар қару криминалистикалық бөлімдердің заттай коллекцияларына немесе ІІМ-нің мұражайларына берілуі мүмкін", – деді Асылбек Ыдырысов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу