Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден берілетіні белгілі болды. Бұл туралы қайғылы оқиға себептерін тергеу бойынша үкіметтік комиссия отырысында Асқар Мамин мәлімдеді.
Премьер-министр зардап шеккендерге де қажетті қаржылай көмек көрсетілетінін айтты. Алайда бұл қаржы қайғы жұтқан отбасыларға жұбаныш болмайтыны анық.
Atameken Business арнасының түсірілім тобы апаттан мерт болған журналист Дана Круглованың ата-анасына көңіл айтып қайтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу