Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Зарина Дияс Ыстамбұлда өтетін WTA додасында бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған турнирде қазақстандық теннисшінің алғашқы қарсыласы Александра Саснович болмақ. Қазіргі таңда Беларусь өкілі әлемдік рейтингте 106-орында тұр. Ал Зарина Дияс 69-сатыда.
Istanbul Open жарысының алғашқы айналымы бүгін, 8 қыркүйек Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 251 750 АҚШ долларын құрайды. Дүниежүзілік теннис бәсекесі 13 қыркүйекте аяқталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу