Зейнетақы қаражатын қай күннен бастап депозитке аударуға болатыны айтылды

2033

Зейнетақы қаражатын "Отбасы Банкінің" депозиттеріне аудару функциясы 16 желтоқсаннан бастап қалпына келтіріледі. Ол www.enpf-otbasy.kz платформасын пайдалану керегін айтады. Бұл туралы банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Зейнетақы қаражатын қай күннен бастап депозитке аударуға болатыны айтылды

Айтуынша, зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі көтерілетіні туралы тосын жаңалық жарияланғаннан кейін бір апта ішінде "артық ақшасын" алуға бірден 170 мың адам өтінім берген.

"Бұл 640 мың адам кетіп бара жатқан пойыздың соңғы вагонына секіруге тырысқандай көрініс еді", – дейді ол.

Осы жағдайға байланысты 9 желтоқсан күні Мемлекет басшысы зейнетақы жинағының артылғанын пайдалану мерзімін ұзартты.

Еске сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделуге ақы төлеу немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беру мақсатында пайдалануға болады.

2021 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша, 545,5 мың салымшының өтініші орындалды, яғни 2 трлн теңге сомасы мерзімінен бұрын берілді. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 1,95 трлн теңге (97,1%) бөлінді.

"БЖЗҚ" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруында. "БЖЗҚ" АҚ Зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк Қазақстан Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу