Қазақстанда демографиялық өсім жылына 250-300 мың адам төңірегінде. Ал, мемлекеттік бағдарламалармен жылына әрі кеткенде 50 мың адамға ипотека беріледі. "Тұрғын үй қорының адам басына шаққандағы үлесі осы себептен аз", дейді мамандар.
Сарапшылардың пікірінше, елдегі баспана мәселесін оңтайландыру үшін ең алдымен жаңадан салынатын үйлерді көбейту қажет, деп жазады inbusiness.kz.
Елімізде тұрғын үй қоры соңғы 5 жылда 13,2 пайызға артып, 373 миллион шаршы метрден асып кетті. Алайда, үйсіз жүрген қазақстандықтар әлі де азаяр емес. Сол деңгеймен қалу керек, тіпті 50 пайызға асу керек. Ипотека бойынша мемлекеттік бағдарламаларды көбейту керек. Менің ұсынысым мемлекеттік бағдарламаға қарағанда жалдамалы пәтердің санын көбейту керек. Өйткені, адамдар қазіргі уақытта жалға алуға қиналып отыр", дейді тәуелсіз сарапшы Жеңіс Шәріпұлы.
"Отбасы банкінің" мәліметінше, елімізде 147 адамның бір басында 20-дан астам пәтері бар екен. Экономикалық белсенді жұрт 10 миллионға жуық болса, соның 60 пайызында ғана баспана бар.
Соңғы уақытта жалға беру сәнге айналып барады. Тек солардың жартысынан көбі салық төлемейтіндер. Сарапшылардың сөзінше, Алматыда пәтерін жалға беріп, Түркиядан баспана алғандар да бар екен.
"Мемлекеттік кірістер мен көші-қон қызметіндегілер бірлесіп әрекет ету керек деген айтады. Мысалы, Иванов пәтерін өткізді делік. Ол ешқандай келісім шарт жасаған жоқ. Оның үйінде қандай адам тұрып жатқанын құзырлы органдар тұрмақ үй иесі де білмейді. Шынында бұл террористік жағынан да қауіпті", дейді Алматы қалалық риелторлар қауымдастығының президенті Нұрлан Алыбаев.
Әлеуметтік зерттеуге сәйкес, елдегі көлеңкелі нарық жалпы жалдамалы тұрғын үй нарығының 60%70%-ын алып жатыр. Пәтерлер көбінесе келісімшартсыз жалға беріледі, ал жалға алу шарттары жалға алушылардың мүддесін қорғамайды.
"Сол себепті, пәтерді жалға берген де, жалға алған адам да жауапкершілікті сезінуі керек", дейді мамандар.
Арнат Дүйсен