Жамбыл облысында 4 нысанның құрылысы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша 2016-2017 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында, облигация шығару арқылы 6 тұрғын үйдің құрылысына 4,4 млрд теңге қаралды.
2017 жылы 1,4 млрд теңге бөлініп отыр, есепті кезеңде игерілуі тиіс 500,0 млн теңге толығымен игерілді. 46,8 мың шаршы метр (480 пәтер) 6 тұрғын үй, осы жылдың 1-жарты жылдығында пайдалануға беріледі.
Одан бөлек, 2016 жылы "Байтерек девелопмент" АҚ облыстың бес құрылыс компаниясымен тікелей келісімшарт жасап, 22,8 мың шаршы метр 395 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын жүргізді.
Бөлінген қаржы 99 пайызға игерілді және 128 км инженерлік жүйе салынды. Ал 2017 жылы осы бағыттағы 6 нысанның құрылысына 1,6 млрд теңге бөлінді, құрылыс монтаж жұмысы жүргізіліп жатыр.