Жаңа көлікті автосалонда тіркеуге болады

1341

Көпшілік мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармас үшін, автосалонда мемлекеттік корпорацияның бір қызметкері отырады.

Жаңа көлікті автосалонда тіркеуге болады

Енді су жаңа көлік алғандар оны рәсімдеу үшін алысқа сабылмай-ақ, авто-дүкеннің ішінде тіркеуіне болады. Тамызда іске қосылған жоба туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Көпшілік мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармас үшін, автосалонда мемлекеттік корпорацияның бір қызметкері отырады. Ал көліктің техникалық құжаты мен тіркеу нөмірі дайын болғанда, оны авто-дүкенге курьер жеткізіп береді. Әзірге елорда тұрғындары үшін ғана қолжетімді бұл жоба алдағы уақытта Алматы облысының Талғар ауданында іске қосылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу