Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков ҚҚС бойынша есепке қою шегін төмендету мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Шекті төмендеткеннен кейін ҚҚС-мен жұмыс тәжірибесі жоқ көптеген бизнес субъектілері қосымша шығындарға тап болатыны белгілі. Олар есепке алу, бағдарламалық қамтамасыз ету, бухгелтерияны жүргізу немесе есептілікті оқып үйренуге жұмсалатын қосымша шығындар. Алғашқы уақытта бизнестің осы санатында декларация тапсыру кезінде қателіктерге жол беру қаупі жоғары болады. Егер қазіргі кезде шамамен 7 кәсіпкерге 1 бухгалтерден келетінін есептейін болсақ, көптеген жаңа салық төлеушілер есеп жүргізу үшін сонша бухгалтерді қайдан алады?", - деді Ұласбек Сәдібеков Мәжілістің жалпы отырысында.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚҚС бойынша шекті мөлшер 40 млн теңге болатынын еске алды.
"ҚҚС төлеушілердің саны азаяды. Арнайы салық режиміне концептуалды түрде өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ашық тізім емес. Халықпен жұмыс істейтіндер, шалғай жерде жұмыс істейтіндер қосылған құн салығын төлеушісі ретінде тіркеуге тұрмайды. ҚҚС төлеушісі болып арнайы рұқсаттама қағаз немесе лицензия алатын кәсіпкерлер тізімге қосылатын болады. Олар міндетті түрде есептілік жүргізуі тиіс", - деді вице-министр.
Оның сөзінше, көп бухгалтер алып керек емес.
"Бұл салық төлеушілердің саны аз болады және біз электронды жүйе арқылы кеңес беріп, декларацияны толтыру арқылы 90 пайызға дейін сондай қызмет атқара аламыз. Біздің кодекс шеңберінде оқыту кодексі қарастырылған", - деді Ержан Біржанов.